
Михаил Кукушкин Мельбурн турнирінде өнер көрсетеді
Қазақстандық Михаил Кукушкин Мельбурн 2 АТР турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Мельбурн 2 додасы 31 қаңтар – 6 ақпан аралығында өтеді. Қатысушылар тізіміне Стэн Вавринка, Григор Димитров, Феликс Оже, Борна Чорич, Каспер Рууд сияқты танымал теннисшілер енді.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.