Александр Бублик Анталия турнирінің финалына шықты

12.01.2021    Оқылғаны: 94
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик Анталия ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Осы доданың 8-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 72-орында тұрған франциялық Жереми Шардимен күш сынасты.

Бірінші партияда қазақстандық спортшы 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте Бублик брейкке қол жеткізіп, сосын өз геймін де алды – 3:1. Әйтсе де Шарди қарымта қайтарып, өзі алға шықты – 5:4. Тай-брейкте Жеремидің жолы болды – 7:6 (7:4). Үшінші, шешуші партияда есеп 4:3 болған мезетте Бублик брейк жасап кетті. Содан кейін матчты жеңіспен түйіндеді – 6:3.

Тартысты бәсеке 2 сағат 5 минутқа созылды. Бублик финалда әлемнің 23-ракеткасы, аустралиялық, 21 жастағы Алекс де Минаурмен чемпиондық атақты сарапқа салады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.