Мельбурндегі WTA 500 жарыстарына қатысатын Қазақстан теннисшілері анықталды

12.01.2021    Оқылғаны: 92
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Australian Open қарсаңындағы апта ішінде Мельбурнде өтетін WTA 500 жарыстарына қатысатын Қазақстан теннисшілері анықталды. Бұл туралы Қазақстан Теннис федерациясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Gippsland Trophy және Yarra Valley Classic деген атауға ие болған турнир 31 қаңтар мен 6 ақпан аралығында өтеді. Оған әлемдегі ТОП-88-ге кіретін барлық теннисшілер қатыспақ. Осынау байрақты бәсекеде Қазақстан атынан Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Ярослава Шведова және Зарина Дияс өнер көрсетпек.

Алдағы уақытта қазақстандық спортшылардың екі жарысқа қалай бөлінетіндігі белгілі болады. Әр турнирдің кестесі 64 ойыншыдан тұрады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.