Нұр-Сұлтанда ITF Juniors J3 санатындағы жасөспірімдер арасында "Nur-Sultan Open" халықаралық турнирі басталды

01.12.2020    Оқылғаны: 420
Дереккөз:
Автор:
Нұр-Сұлтанда ITF Juniors J3 санатындағы жасөспірімдер арасында "Nur-Sultan Open" халықаралық турнирі басталды. Беделді жарыст Халықаралық теннис федерациясы мен Қазақстан теннис федерациясы бірлесіп өткізетін спорттық шарасы.

Турнирге 6 елден - АҚШ, Германия, Ресей, Өзбекстан, Беларусь және Украинадан үздік жасөспірім теннсшілер келді. Қазақстан намысын еліміздің ең мықты юниорлары – Николенко Татьяна, Карлова Елизавета, Сагандыкова Аружан, Озерной Данил, Хайрутдинов Артур және басқалар қорғайды.

Жеңімпаз ITF жасөспірімдер рейтингінде 100 ұпай иеленеді. Жас теннисшілер әлемдік рейтингтегі орнын жақсартып қана қоймай, шетелдік жетекші ойыншылармен ойнап,  халықаралық тәжірибе алады.

Антиковидтық шараларды сақтау мақсатында турнир көрермендерсіз өтеді.
 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.