Президент Қ.Тоқаев Қарағандының жаңа теннис орталығында болды

23.11.2020    Оқылғаны: 463
Дереккөз:
Автор:
Қарағанды қаласындағы жаңа теннис орталығының инфрақұрылымы үздік әлемдік стандарттарға сай: 11 корт (оның ішінде - 7 жабық), 2 жалпы дене дайындығы залы (ЖДД) және арнайы дене дайындығы залы (АДД). Орталықтың техникалық жарақтандырылуы (GreenSet жабыны, жарықтандыру - 1000 люкс, Technogym тренажерлер кешені) әлемдік деңгейдегі топ-100 ойыншылар қатысатын ATP/WTA Challenger деңгейіндегі республикалық және халықаралық теннис турнирлерін өткізуге мүмкіндік береді.

Жалпы ауданы 7,8 мың шаршы метр болатын орталық аумағында сондай-ақ, конференц-зал және 2 кафетерий, қонақ үй кешені қарастырылған. Линеарлық панельдерден орындалған ғимараттың қасбеті орталықты ерекшелендіріп, оны қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінің бағдарлық нүктесіне айналдырады. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында осындай деңгейдегі орталықтың ашылуына әлемдік теннис жұлдыздары-Новак Джокович пен Рафаэль Надаль қатысты.



Жайлы қалалық ортаны дамыту бағытындағы әлемдік озық тәжірибеге сүйеніп,  Қарағандылықтардың сүйікті демалыс орны - Жеңіс саябағының бағытында  ауданы 1,5 га аумақ абаттандырылды және көгалдандырылды, нысанның құрылысы 2,4 млрд теңгеге бағаланды. Жеке инвестициялар Қазақстан теннис Федерациясымен тартылды.

«Қала өміріндегі осындай маңызды нысанның пайдалануға берілуімен құттықтаймын. Біз қазір бұқаралық спортты дамытуды мақсат етіп отырмыз. Мына спорт орталығы барлық балалардың үлкен тенниспен шұғылданып, денсаулығын күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл көпжақты әрі ыңғайлы нысан. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Жәмішұлы Өтемұратовқа ризашылығымды білдіремін», – деді Мемлекет басшысы.



650 баланың жаттығу процесін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін теннис орталығының қызметін әдістемелік сүйемелдеуді және операциялық басқаруды Қазақстан теннис Федерациясы жүзеге асырады. Айта кетейік, осы жылдың қазан айында теннис Федерациясы ATP әлемдік рейтингінің топ-70 спортшыларының (ATP – Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) қатысуымен Қазақстанда алғаш рет ATP 250 Astana Open турнирін өткізген болатын. Барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау жағдайында өткізілген іс-шара ATP-нің жоғары бағасына ие болды.



«Екінші теннис орталығының Қарағандыда ашылуы елімізде әлемдік деңгейдегі теннис инфрақұрылымын дамытудағы Теннис федерациясының жүйелі жұмысының жалғасы. Федерация басқаруымен жаңа теннис орталығы балалар мен жасөспірімдерді спортқа тартатын орынға айналатынына және Қарағанды қаласын әрдайым даңққа бөлеген спортшылардың жаңа буынын тәрбиелеуге ықпал ететініне сенімдімін», - деп атап өтті Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов.

Жаңа орталықта бір балаға тенниспен айналысу бағасы айына 15-20 мың теңге көлемінде. Ересек теннис әуесқойлары үшін - айына 20 мыңнан.



Бүгінгі күні 14 облыс орталығында (Түркістанды қоспағанда), сондай-ақ Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында барлығы 344 корты бар 35 теннис орталығы жұмыс істейді (салыстыру үшін: 2010 жылы елде тиісінше 18 орталық және 184 корт болған). Тенниспен айналысатын балалардың жалпы саны шамамен 8,5 мыңды құрайды (салыстыру үшін: 2007 жылы тенниспен 1,5 мың бала айналысқан).

Қазақстан теннис Федерациясының филиалдары Қазақстанның 17 қаласында орналасқан: Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент, Екібастұз.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.