Зарина Дияс пен Ярослава Шведова Алматыда балаларға арналған шеберлік сағаттарын өткізді

20.11.2020    Оқылғаны: 257
Дереккөз:
Автор:
Қазақстандық теннисшілер Зарина Дияс пен Ярослава Шведова өздерінің жас жанкүйерлерімен кездесті. Олар болашақ теннисшілерге пайдалы жаттығулар көрсетті, допты ойынға қосудың тәсілдерін үйретті, спорттағы  мансабын қалай бастағанын және жасөспірімдер санатынан кәсіпқойларға қалай ауысқаны туралы әңгімеледі.


Фото: Андрей Ударцев

Зарина Дияс балалармен «Эйс» теннис клубында кездесті, орталықтатеннистің қыр-сырын енді ғана үйреніп жатқан жас теннисшілермен қатар, кәсіпқойлар да жаттығады. Орталықта балаларға арналған теннис сабақтарының оқу ақысы айына 17 мың теңгеден басталады.



Әйелдер құрамасының капитаны, әлемнің экс-үшінші ракеткасы Ярослав Шведова ізбасарларымен жаттығуды «ЦСКА» теннис орталығында өткізді. Қазақстан спортшылары қалалық, республикалық, халықаралық турнирлерге мүмкіндігінше жиі қатысудың маңыздылығын атап өтті, өйткені жарысқа қатысу арқылы теннисшілер өздерінің ойын деңгейін жоғарылатады, қарсыластардың тактикасына бой үйретеді  және көшбасшылық қасиеттерді дамытады.


Бүгінгі таңда теннистен ұлттық әйелдер құрамасының 3-ші мүшесі WTA (әйелдер теннис қауымдастығы) әлемдік рейтингісінде ТОП-100 ойыншының қатарына кіреді. Күн кестесі нің тығыздығы мен жиі көшіп қонуларға қарамастан, олар болашақ тенниссшілермен кездесуге, өз тәжірибелері мен техникаларымен бөлісуге және оларды жаңа жеңістерге ынталандыруға уақыт табады!
 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.