20 қарашаға дейін түскен 2020 жылдың КазПИН мүшелік жарналары келесі жылға ауыстырылады

18.11.2020    Оқылғаны: 276
Дереккөз:
Автор:

Құрметті Қазақстандық Теннис Турының ойыншылары!

Жаһандық Сovid-19 пандемиясына байланысты 2020 жылы КТТ ойыншылары қатыса алатын турнирлер саны айтарлықтай азайды. Көптеген ойыншылар 2020 жылға арналған КазПИН жылдық мүшелік жарнасын төлеп қойғандықтан, теннис федерациясы келесі шешімді қабылдады:

- 2020 жылдың 20 қарашасына дейін түскен 2020 жылдың мүшелік жарналары 2021 жылға ауыстырылады. Яғни, бұл ойыншылар 2021 жылы ҚазПИН жарнасын төлеуден босатылады.

- егер ойыншы мүшелік жарнаны 2020 және 2021 жылдарға төлеп қойған болса,  онда төлемдер тиісінше 2021 және 2022 жылдарға ауыстырылады. Осылайша, ойыншылар 2021 және 2022 жылдары Қазпин жарнасын төлеуден босатылады.

Сонымен қатар, ойыншылар 2020 жылдың жылдық мүшелік жарнасын  биылғы жылдың 21 қараша мен 31 желтоқсан аралығында төлейтін болса,  төлемдер 2021 жылға ауыстырылмайтыны  туралы хабарлаймыз.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.