Бүгін Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың туған күні!

13.11.2020    Оқылғаны: 204
Дереккөз:
Автор:
Болат Жәмитұлы 13 жылдан астам уақыт бойы әрбір қазақстандық үшін теннис қолжетімді болу жолында еңбек етіп келеді, еліміздің барлық өңірлерінде заманауи корттар салынды, Новак Джокович, Рафаэль Надаль сияқты теннис майталмандарын елге шақырып, әрбір қазақстандық жанкүйерге хас шеберлердің өнерін көзбен көріп, тамашалуға мүмкіндік жасалды.

Биыл федерация басшысы Қазақстанда ATP 250 Astana Open сериясының бірінші турнирін ұйымдастырды, біз әлі күнге дейін пандемия жағдайында оның үйлесімді және қауіпсіз өткені туралы ойыншылардан жылы пікірлерін білдірген хат аламыз.

Болат Жәмитұлына мықты денсаулық және Қазақстанда ATP, WTA және ITF турнирлерін өткізу үшін және теннисті дамыту жолындағы белсенді қызметін жалғастыру үшін шексіз күш-қуат тілейміз!

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.