Бельгиялық Сандер Жийе мен Йоран Astana Open жұптық турнирінде чемпион атағын жеңіп алды

01.11.2020    Оқылғаны: 348
Дереккөз:
Автор: Қазақстан теннис федерациясы
Нұр-Сұлтан, 1 қараша (пресс-релиз). Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Astana Open чемпионатының финалында турнирдің бірінші нөмірі саналған белгиялық Сандер Жийе мен Йорана Флиген австралиялық  Макс Пёрсел мен Люк Савильді жеңіп, турнирдің бас жүлдесіне қол жеткізді.

Финалдық матч бір сағат он сегіз минутқа созылды, бельгиялық жұп австралиялықтарды 7-5, 6-3 есебімен жеңді. Жеңімпаздар бір матчта 11 Эйс жинап, керемет ойын көрсетті.
Бельгиялық жұп жеңіске сенімді болды, қарсыластарына бірде-бір сетте ұтылмады. Бүгінгі матчтың нәтижесінде бельгиялықтар ATP-ің 250 ұпайын және 6080 АҚШ долларын қоржындарына салды.  Бұған дейін Флиген мен Жийе  2019 жылы Бастад, Гштад және Чжухайда өткен 3 чемпионатта жеңіске жетіп, Китцбюэл чемпионатының финалына өткен болатын.

ATP рейтингінің сегізінші позициясында тұрған Пёрселл мен Савиль екінші орын үшін  150 ATP ұпайы мен 5040 АҚШ долларын алды, енді олар Лондондағы Nitto ATP Finals-та бақтарын сынауға ниетті.

«Биылғы жылы жарыс өте аз болды, бірде алға шықсақ, бірде жеңіліп жаттық. Бірақ біз қазіргі формамызға ризамыз және биылғы жылдың бірінші жеңісіне ие болғанымызға өте қуаныштымыз. Соңғы екі апта жақсы нәтиже көрсеттік және бүгінгі ойын да сол еңбектің нәтижесі. Біз өте қуаныштымыз, осы аптадағы барлық матчтарды үлкен басымдықпен ұтып алдық», - деп атап өтті белгиялық жұп матчтан кейін берген сұхбатында.

Сандер Жийе сондай-ақ жұптық разрядта күрес қиындай түскенін туралы да айтты: «Турнирлер аз өткізілгендіктен, барлығы қатысуға ниетті, және бұл жағдай бәсекелестікті арттырады. Бірақ жоғары деңгейдегі қарсыластармен ойнау және оларды жеңудің қуанышы ерекше». Сондай-ақ, ойыншылар «осы жылдың басында өз-ара корттағы позицияларын өзгерткенін және ол нәтиже бергенінен өте ризамыз», - деп сөзін жалғастырды. 

«Сандер мен Йоран бүгін керемет ойнады және біз оларды осы аптада көрсетілген керемет нәтижелермен құттықтаймыз», — деді Пёрселл мен Савиль матчтан кейін. - Біз ұзақ уақыт бойы үйден алыс болдық, және бұл тек Австралиядағы карантиндік шараларға ғана байланысты емес. Біз турнирлерге барғанды ұнатамыз, бірақ қазір аздап шаршадық. Жалпы алғанда, бұл керемет апта болды». Енді австралиялық жұп London doubles Masters-ке қатысуды жоспарлап отыр.

Марапаттарды Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов пен турнир директоры Атилла Рихтер табыстады. Марапаттау рәсімі пандемия кезінде қабылданған сақтық шараларына сәйкес өтті.

ЖҰПТЫҚ РАЗРЯД ФИНАЛЫ  

[1] Сандер Жийе (Бельгия) / Йоран Флиген (Бельгия) — [2] Макс Пёрселл (Австралия) / Люк Савиль (Австралия) 7-5,6-3
 
 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.