Австралиялық Джон Миллман - Astana Open жеңімпазы

01.11.2020    Оқылғаны: 371
Дереккөз:
Автор: Қазақстан теннис федерациясы
Нұр-Сұлтан, 1 қараша (пресс-релиз): Төртінші нөмірлі  Джон Миллман мансабында алғаш рет  ATP турының жүлдесін жеңіп алды.  Ол Қазақстанда бірінші рет өткен Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық теннис орталығында ATP 250 Astana Open финалында жеңіске жетті.
 
Әлемнің 45-ракеткасы, 31 жастағы Миллман үшін үшінші финал Будапешттегі (2018) және Токиодағы (2019) финалдарға қарағанда сәтті болды. Ол турнирдің үшінші нөмірі Адриан Маннариноны 7-5,6-1 есебімен 1 сағат 48 минутта жеңіп, чемпион атанды.
 
Финалда австралиялық Миллман бірінші сетте допты ойынға  қосуда  6 брейк поинтты қайтаруға мәжбүр болды. Алайда сауатты ойнаған теннисші ұпай санын сақтап қалды. Биылғы ATP турының финалына шыққан екінші австралиялық атанған Миллман 12-ші геймде  француз Маннариноны бірінші брейк-пойнтта сызық бойымен сол жақтан ұрып, сетті өз пайдасына шешті: 7-5.
 
Мансабында 10-шы финалда ойнаған Маннарино екінші сеттің 4-ші ойынында үш брейкпоинтті ұстай алды, бірақ Миллман соңында төртінші брейкпоинтте қарсыласын жеңіп, 3-1 есебімен алға шықты. Бұл жағдайда австралиялық Маннаринодан ұпай ғана емес, сенімін де тартып алғандай болды.
 
Миллман қарқынды күшейтіп, 6-геймде француздың допты ойынға қосу ұпайын өз қоржынына салды. Есеп 5-1 жетті. Драмаға толы 7-геймде Миллман Маннариноға брейк-пойнтқа жетуге мүмкіндік беретін екі қателік жіберді. Алайда, допты ойынға қосу сызығындағы сауатты ойынның арқасында брейк-пойнт австралиялыққа бұйырды. Содан кейін, матч-поинтта Миллман төрешіге оң жақтан ұрылған доптың алаң сыртына шықпағанын дәлеледеп, финалдық кездесу 1 сағат 48 минутта австралиялықтың жеңісімен аяқталды.
 
Осы жеңістің арқасында Миллман 2020 жылы АТР турнирінің жүлделерін ұтып алған элиталық Чемпиондар тізіміне енді. Бұл тізімде сондай-ақ  Иржи Веселый (Пуна), Рейли Опелка (Делрей Бич), Новак Джокович (Дубай) және Уго Умбер (Антверпен) бар.
 
«Мен мансабымдағы алғашқы атағыма жеткеніме өте қуаныштымын. Ер кезегі үшке дейін. Мені турнирдің жүлде қоры немесе ұпай саны қызықтырған жоқ. Бірінші ATP 250 турниріндегі жеңіс маған бәрінен де қымбат», - деді Миллман матчтан кейінгі баспасөз жиынында.
 
«Мен Адрианмен бұған дейінде тартысқа толы бірнеше қиын матчтарды ойнадым. Онымен кортта кездесе қалсаңыз, ол сізге өте жақсы қарсылас атанады. Оңай шағылатын жаңғақ емес. Бірақ мен бүгін өзім күткен нәтижеге қол жеткізгеніме қуаныштымын», - деді Миллман өзінің қарсыласы туралы.
 
«Бірінші сетте қарсыласым бірнеше қиын сәттер туғызды. Бірақ мен ойын қарқынын өз пайдама аудара алғаныма қуаныштымын. Маған орталық кортта ойнау ұнады. Бірақ соңғы екі күннің ауыр матчтарынан кейін өзімді шаршаңқы сезіндім», - деп  сөзін жалғастырды чемпион.
«Astana Open бізге керемет қонақжайлылық танытты, мен бұл турнир турдың тұрақты жарысы болуы тиіс деп санаймын. Бұл Мен ойнаған ең жақсы турнирлердің бірі», - деп қорытындылады сөзін австралиялық теннисші.
 
БАҚ алдында сөйлеген француз Адриан Маннарино: «Джон бүгін жеңіске жетті. Ол қатаң және сауатты теннис ойнады. Мен АҚШ-тың ашық чемпионатынан кейін жарақаттарыммен күрестім, сондықтан финалға шыққаныма қуаныштымын», - деді..

НӘТИЖЕЛЕР ЖЕКЕЛЕЙ СЫН – ФИНАЛ

[4] Джон Миллман (AUS)  d [3] Адриан Маннарино (FRA)  7-5,6-2
 
 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.