Джон Миллман (Австралия) - ATP 250 Astana Open турнирінің жеңімпазы

01.11.2020    Оқылғаны: 363
Дереккөз:
Автор: Қазақстан теннис федерациясы

Жұптық сында австралиялық жұп Макс Перселл мен Люк Сэвиллді жеңген Бельгия өкілдері  Йоран Флиген мен  Сандер Жилле жеңіске жетті. 

Бүгін Нұр-Сұлтанда Қазақстан спорт тарихындағы алғашқы ATP 250 Astana Open турнирі аяқталды. Турнир директоры Атилла Рихтер марапаттау рәсімі кезінде Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа үміттенетінін және қазақстандық турнирдің жоғары дайындық деңгейде өткенін мәлімдеді. Ол тамаша финал үшін теннисшілерге алғыс білдірді. Рихтер пандемия адам өміріне әлі де әсер етіп, олардың жаңа жағдайға бейімделуге мәжбүр еткен ерекше жыл жыл екенін атап өтті.
Турнир директоры көптеген турнирлердің тоқтатылғанын немесе кейінге қалдырылғанын және кенеттен келген өзгерістер  әдеттегі өмірдің бір бөлігіне айналғанын өкінішпен айтты. Ол ATP-ің батыл шешімінің арқасында күнтізбеде осы жылы қосымша 4 турнир, оның ішінде Нұр – Сұлтан қаласындағы турнир қосылғанына да тоқталды.
 


Қазақстан теннис федерациясына, ең алдымен федерация президенті Болат Өтемұратовқа қазіргі жағдайға қарамастан Қазақстан үшін алғашқы тарихи турнирді өткізуге мүмкіндік жасағаны үшін үлкен алғысымды білдіремін. Сіздің басшылығыңызбен, соңғы онжылдықта, қазақстандық теннистің дамуында үлкен серпіліс болды. Президент мырза, тенниске деген адалдығыңыз бен қолдауыңыз үшін көп рахмет.

6 апта бойы ұйымдастыру шараларына қатысқан ұжымға және ір бір ат салушыға рахмет, сіздердің еңбектеріңіз ақталып, жиналған қауым риза болды деп сенемін.
Жарысқа қатысқан барлық ойыншыларға үлкен рахмет. Бұл жаңа турнир болды, алдын ала болжам жасап, қалай өтетінін дөп басу айту мүмкін емес еді. Көпшілігіңіздің Нұр-Сұлтанда өтетін ATP турниріне келу оңай шешім болмағанын сеземін. Сіздерге бұл жерде барлық жағдай жасалды деп сенемін.

Барлықтарыңызды келесі жылы Нұр-Сұлтан қаласында тағы көремін деп үміттенемін! Амандықта жүздескенше!  - деді турнир директоры Атилла Рихтер.
Джон Миллман Astana Open турниріндегі жеңісімен  ATP-гі алғашқы жүлдесін және 250 ұпай еншіледі. Австралиялық теннисші қарсыласына, Қазақстан теннис федерациясына алғысын білдірді және қысқа мерзімде турнирді жоғары деңгейде ұйымдастырған ұжымға жылы лебізін білдірді.

- Бұл мен жеңіп алған алғашқы АТР 250 турнирінің жүлдесі. Мен үшін оның орны ерекше, Нұр-Сұлтан қаласында үлкен табысқа кенелдім. Адрианға  үлкен рахмет және менің құттықтауларым.

Матч оңай болған жоқ. Сен  мықты қарсылассың. Сенімен корттау шеберлік байқасу жеңіл емес. Кортты менімен бөліскеніңе алғысымды білдіремен.
Барлық ұйымдастырушыларға, лайнмендерге, супервайзерлерге, қызметкерлерге үлкен рахмет. Сіздердің керемет қонақжайлылықтарыңыз үшін демеушілер мен Қазақстан теннис федерациясының президентіне үлкен алғысымды білдіремін. Австралияда таңдау айқын болған кезде біз no brainer дейміз. Мен үшін бұл нағыз no brainer, - турнир ATP кестесіне енгізілуі керек және Қазақстанда тұрақты негізде өткізілуі тиіс. Алты апта ішінде сідерз мүмкін еместі жүзеге асырдыңыздар.  Бұл мен қатысқан ең үздік ATP 250 турнирінің бірі болды, - деді турнир жеңімпазы Джон Миллман.

Джон Миллман Қазақстан астанасында өтіп жатқан финалдық кездесуді сенімді бастады. Допты ойынға қосуда бірінші геймді өз пайдасына шешті. Қарсыласын бір бұрыштан екінші бұрышқа жүгіртті, қателесуге мәжбүрледі. Бірақ Адриан Маннарино біршама қателікке бой алдырғанымен, тез жинақталып, екінші геймде қарсыласының брейк-поинтқа жетуіне еш жағдай қалдырмады. 
Маннарино бірінші сетте доптары алаң шебіне дәл тигенімен, өзі машықтанған үзақ доп алмасуда жолы болмай-ақ қойды. Қарсыластар бір-бірімен бекхендпен доп алмасты, және бұл ретте Джонның жағдайы нашарлау көрінді.



Австралиялық корттың бар аумағын бақылауда ұстады, қарсыласына бір сәтке де бәсеңсуге мүмкіндік бермеді. Бұл әдіс әрине оған ұпай әкелді. Брейкпоинтты алдымен Адриан Маннарино еншіледі, бірақ екі финалистке де оңай тимеген геймде әріптесінің ойынға доп беру пайдасын өз есебіне шеше алған жоқ.
Джон Миллман келесі допты ойынға қосу сәтінде қателесіп, қарсыласына екі  брейкпоинт сыйға тартты. Бірақ ерік-жігерін қолына жинап, геймді өз пайдасына шешті. Есепті өз пайдасына бұра алмаған Маннарино кортта ашулы көрінді. 
Ал екінші партияның басында әдетте салмақты  болатын Маннариноның жүйкесі сыр берді. Өзінің өнеріне көңілі толмай наразылығын айқаймен жеткізді. Бірақ оның бұл әрекеті ойын барысын өз жағына бұруға еш сетпігін тигізген жоқ. Миллманның дәл көздеген соққыларын қайтаруда ұпай жоғалтып ала жаздады.  Алайда матч барысында кортты жақсы сезінген Маннарино қарсыласы Джон Миллманға ыңғайсыз сәттерді де туғызып отырды.
Үшінші геймде Маннарино қатарынан екі олқылыққа жол беріп, допты өзі ойынға қосқан тартысты ойында қарсыласына брейк жасау мүмкіндігін беріп қойды. Француз теннисшісі тізгінді уысынан шығарып алды, ал Миллман жинақы көрінді, және оның соққылары сенімдірек болды. 
Адриан өзінің бой үйреткен техникалық ойын әдісіне орала алған жоқ. Миллман келесі геймді де өз пайдасына шешті. Матчболда ұпай санын жоғалтқаннан кейін Маннарино жеңіске жеткен қарсыласының қолын қысудың орнына, шешімін қайта қарату үшін бас төрешіге беттеді. Бірақ төреші соңғы нәтижелі есепті жариялады: 7:5, 6:1.

Австралиялық жұп Макс Перселл мен Люк Сэвилл Astana Open финалында брейкті бірінші геймде-ақ жасаған, бірақ Люк Сэввилл қателескен жоқ.  Осыдан кейін қарсыластар жинақы ойнады. Сет ортасына қарай екі жаққа да ұпай бермеген геймдермен алмасты. 9-геймде австралиялық спортшылардың есеп ұлғайтуға мүмкіндігі болған, бірақ Флиген допты ойынға қосуда сауатты ойнады. Осыдан кейін Жилле тай-брейк жасауға сәт туғызды, ал Перселл сет соңына қарай ұпай беріп қойды.
Партия Бельгия өкілдерінің пайдасына шешілді.



Австралиялық жұп Перселлдің допты ойынға қосуында қателік жасап, екінші сеттің үшінші геймінде геймде ұтылуға жақын болған. Бірақ жұбы тор жанында сауатты қозғалып, шешуші ұпайды өз қоржындарына салды. Алайда кейінгі уақытта Сэвилл допты ойынға қосуда мүлт кетті. Белгиялықтар ұпай санын еселеу мүмкіндігін жібермей, брейкпен алға шықты.  Австралиялық жұп жиі қателесті, ал  Флиген кортта өзін сенімді ұстаса, Перселлдің жүйкесі сыр берді. Финалдық матч Йоран Флиген мен Сандер Жилле жұбының жеңісімен аяқталды.



Марапаттау рәсімінде Австралиядан келген қос теннисші марапатпен бірге, қазақ елінің кең пейіліне және ұйымдастырушылардың ыстық ықыласына ие болғандарын айтты. Люк Сэвилл ATP мен Қазақстан теннис федерациясының басшылығынан бастап аспазшыларға, корт қызметкерлеріне және қонақ үй қызметкерлеріне дейін алғыс айтуды ұмытпады.

Қазақстан теннис Федерациясы жыл сайын 50-ге жуық халықаралық турнир өткізеді, олардың қатарында Президент Кубогы мен Дэвис Кубогы бар.ATP 250 Astana Open әлемдік туры Қазақстанда алғаш рет өтті. Қазақстан теннис федерациясы жыл соңында Нұр-Сұлтан қаласында кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының әлемдегі ең беделді турнирлерінің бірін өткізу құқығына ие болды.

Astana Open 2020 жылдың 25 қазаны мен 1 қарашасы аралығында өтті және әлемдік рейтингтің алғашқы жүздігіне енген 30-дан астам қатысушысының басын қосты. Турнирге әлемнің ең мықты теннисшілері - Бенуа Пер (26), Адриан Маннарино (39), Джон Миллман (43) қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасының намысын турнирде  Михаил Кукушкин (88), Александр Бублик (49), Дмитрий Попко (171), Тимофей Скатов (438), Денис Евсеев (373), Андрей Голубев (89), Александр Недовесов (333) қорғады.

АТР 250 әлемдік турына жылына 40 кәсіби ерлер туры кіреді. Алайда, осы маусымда пандемияға байланысты оның тек 17-і өтті. Нұр-Сұлтандағы турнир іс жүзінде маусымдағы соңғы жарыс және жарыс  теннисшілерге АТР рейтингісінде осы жылдың соңғы 250 ұпайын алу мүмкіндігін берді. Турнирдің жүлде қоры 275 000 долларды құрады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Astana Open көрерменсіз өтті.
 
ATP 250 «Astana Open» турнирінің бас демеушісі мәртебесінде Beeline компаниясы қатысады. Демеушілер: Forte Bank және Mastercard.
Серіктестер: Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы, Terra Motors, Jaguar және Land Rover, Тeсhnodom, Aqua Rossa, Technogym, Нead, ASU.
Ақпараттық серіктестер: Qazaqstan, Qazsport, Setanta, Zakon.kz, Informburo, 31-арна, Forbes.kz, Business FM.

Қазақстан теннис Федерациясы



 
 
 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.