Astana Open беделді турнирін қабылдап жатқан Ұлттық теннис орталығының кортына бүгін Бенуа Пэр мен Михаил Кукушкин шығады

29.10.2020    Оқылғаны: 133
Дереккөз:
Автор: Қазақстан теннис федерациясы

Турнирдің бірінші нөмірі, Франция елінен келген теннисші әлемдік рейтингтегі  91-ракетка Михаил Кукушкинге қарсылас атанады. Жерлесіміз өз жерінде өтіп жатқан беделді турнирдің кортына алғаш рет шығады. Матч қарсаңында Бенуа Пэр сұхбат берді:

В. Қазақстанға қош келдіңіз! Қазіргі қауырт уақытқа қарамастан елімізде өтіп жатқан турнирде көргенімізге қуаныштымыз!
- Әрине, мен өте қуаныштымын. Осында болған әр күнімнен ләззат алуға тырысамын. Қаланы аралап көруге мүмкіндік жоқ, бізге отельден шығуға болмайды. Бірақ мен Қазақстанға келгеніме қуаныштымын.

В. Оклендте өткен турнирдің финалына дейін жетіп, сіз маусымды сәтті бастадыңыз. Одан кейін коронавирус басталды, локдаун уақытын қалай өткіздіңіз?
- Маған локдаун өте ауыр тиді. Үйде болдым, жаттығуға, физикалық қозғалыстар жасауға еш мүмкіндік болған жоқ. Жарыс жолына қайта оралу оңай тимеді. Мен қазір келесі маусымға дайындық үстіндемін. Жоғары деңгейде өткіземін деп ойлаймын. Бүгінгі күнге ойынға араласып, әр матчтан, корттан ләззат алғым келеді. Осы турнирге келгеніме қуаныштымын.

В. Сіз турнирдің бірінші нөмірлі теннисшісісіз, жауапкершілік ауыр емес пе?
- Айтарлықтай қобалжу бар деп айта алмаймын. Мен көп жаттыққаным жоқ. Бірнеше матчта жеңіске жетсем деген мақсатым бар. Егер титулды ұтып алсам, бақытты боларым анық. Бірақ менің қазіргі діттегенім кортты сезіну, өз ойын өрнегімді көрсету. Дәл қазір өз бабымда еместігімді сеземін, менің теннисім айтқандай жақсы емес. Қолымнан келгеннің бәрін жасаймын, жеңіс үшін аянып қалмасым анық.

В.  Оның себебі үлкен үзіліс пе?
- Әрине, барлығы пандемияның салдары. Біз үйде тым көп уақыт өткіздік. Турға қайта оралу оңай емес. Тәртіп өзгерді, біз әрдайым өз бөлмемізде болуымыз керек, сынамалар тапсыру қажет. Мен вируспен бір ауырып тұрдым, 10 күнде оқшауландым. Жанкүйерсіз ойнаудың өзі үлкен сынақ. Жанкүйерің болмаса да, адамдарға өз өнеріңді көрсеткенге не жетсін. Жанкүйерсіз өткен теннис ұнайды демеймін. 

Қазақстанда алғаш рет өтіп жатқан  ATP 250 турнирінің жалпы жүлде қоры 275 мың доллар. Коронавирус пандемиясына байланысты жарыс жанкүйерсіз өтіп жатыр, Матчтардың барлық трансляциясы QAZSPORT арнасы арқылы таратылады.

ATP 250 «Astana Open» турнирінің бас демеушісі мәртебесінде Beeline компаниясы қатысады. Демеушілер: Forte Bank және Mastercard.
Серіктестер: Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы, Terra Motors, Jaguar және Land Rover, Тeсhnodom, Aqua Rossa, Technogym,Нead, ASU.
Ақпараттық серіктестер: Qazaqstan, Qazsport, Setanta, Zakon.kz, Informburo, 31-арна, Forbes.kz, Business FM.

Қазақстан теннис федерациясы
 
 
 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.