Михаил Кукушкин бүгін ATP 250 Astana Open турнирінің 1/8 финалында турнирдің бірінші нөмірі Бенуа Пэрмен шеберлік байқасады

29.10.2020    Оқылғаны: 159
Дереккөз:
Автор: Қазақстан теннис федерациясы

Матч қарсаңында қос қарсылас, әлемнің 91-ракеткасы қазақстандық теннисші және үздік отыздың қатарына енген атақты француз спортшысының сұхбатын ұсынамыз. Михаил Кукушкин күні бұрын болған матчтан кейін сұрақтарға жауап берген болатын.

В. Бүгінгі матч туралы пікіріңізді білсек?
- Мен алғашқы сеттен жеңіс үшін таласқа қосылдым, бірақ шешуші сәттерде қателікке бой алдырдым, сол үшін жазаландым да, бірінші сет қарсыласымның еншісінде кетті. Бірақ қалған екі сетте жинақталып, тізгінді өз қолыма алдым.

В: Дэвис Кубогы мен басқа да турнирлерде  жанкүйер қолдауына ие болғанспортшысыз,бүгін бос трибуналар қоршауында ойнау қиындық туғызбады ма?
- Мен бұл стадионда әрдайым жанкүйерлердің қатысуымен ойнайтынмын, бірақ бүгін бос стадионда ойнау ерекше болды. Алайда, мұның бәрі пандемияның нәтижесі, сондықтан біз қазіргі нормаларға үйренуіміз керек. Бұл үлкен мәселе, бірақ мен үйреніп келемін.


В. Пандемия мен ұзақ үзілістер қалай әсер етті?
- Иә, пандемия басқаларға қалай әсер етсе, мен де сондай күйде болдым. Формаға оралу қиындық туғызған, бірақ мен бұл бағытта көп тер төгудемін. Жалпы алғанда ойынға қосылу мен үшін айтарлықтай ауыр болған жоқ. Astana Open - мен үшін табысқа жетудің және жоғары рейтингтерге қол жеткізудің  тамаша мүмкіндігі деп санаймын.

В. Өз үйіңізде АТР турниріне қатысу ерекше әсер қалдыратын шығар?
-  Иә, әрине! Мен беделді АТР турнирінде алаң қожайыны атануды бақыт санаймын. Мен ешқашанда елімізде үлкен деңгейдегі теннис турнирі өтеді деп ойлағаным жоқ. Бұл үлкен мәртебе және күнде  жаттығып жүрген кортта беделді жарысқа қатысу үлкен мақтаныш.

В. АТР турнирінің аясындағы жарыстардың Қазақстанға келгені туралы ойыңыз қандай?
- Теннис Қазақстанда аса танымалдыққа ие спорт түрі саналған жоқ. Бірақ мен Қазақстан теннис федерациясы мен федерация президенті Болат Өтемұратов мырзаның еңбегін ерекше атап өткім келеді. Ол спортты дамытуға орасан зор күш жұмсады, қазір елімізде кәсіби теннис турнирі бар. Өз елімде АТР турнирінің аясында өтетін жарыста бабымды сынау мен үшін маңызды сәт.

Қазақстанда алғаш рет өтіп жатқан  ATP 250 турнирінің жалпы жүлде қоры 275 мың доллар. Коронавирус пандемиясына байланысты жарыс жанкүйерсіз өтіп жатыр, Матчтардың барлық трансляциясы QAZSPORT арнасы арқылы таратылады.

ATP 250 «Astana Open» турнирінің бас демеушісі мәртебесінде Beeline компаниясы қатысады. Демеушілер: Forte Bank және Mastercard.
Серіктестер: Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы, Terra Motors, Jaguar және Land Rover, Тeсhnodom, Aqua Rossa, Technogym,Нead, ASU.
Ақпараттық серіктестер: Qazaqstan, Qazsport, Setanta, Zakon.kz, Informburo, 31-арна, Forbes.kz, Business FM.

Қазақстан теннис Федерациясы
 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.