Михаил Кукушкин мен Александр Бублик ATP 250 Astana Open турниріндегі кездесулерін бастайды

28.10.2020    Оқылғаны: 154
Дереккөз:
Автор: Қазақстан теннис федерациясы


Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан беделді ATP 250 Astana Open турнирінің 28 қазандағы жарыс күні қазақстандық теннисшілер  Михаил Кукушкин мен Александр Бубликтің корттағы ойындарымен басталады.

Әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик турнирдің рейтингтік кестесінде 6 сатыда тұр. 1/16 финалда ол АҚШ спортшысы Маккензи Макдональдпен шеберлік байқасады. Ал бұл кездесудің жеңімпазы бір күн бұрын ресейлік Аслан Карацевті ұтқан, уайлд-кард иегері Андреас Сеппимен ойнайды.

Бублик пен Макдональд осыдан екі апта бұрын Санкт-Петербург кортындакездескенболатын. Ойын 6:2, 6:7 (2:7), 6:4 есебімен үш сетте де қазақстандықтың пайдасына шешілген еді.

Михаил Кукушкин Astana Open турниріндегі кездесуін Аргентина құрамасының сапында Дэвис кубогын иеленген, әлемнің 76-ракеткасы  Федерико Дельбониске қарсы өткізеді. Жеңіске жеткен жағдайда оның қарсыласы турнирдің бірінші нөмірі  Бенуа Пэрм.

Михаил Кукушкин мен Федерико Дельбонис Ұлттық теннис орталығының кортына Фернандо Вердаско мен Джон Миллман арасындағы матч аяқталғаннан кейін, шамамен сағат 14:50 шығады.

Александр Бублик пен Маккензи Макдональд текетіресі Нұр-Сұлтан уақытымен шамамен 18:00 өтеді.

Короновирус пандемиясына байланысты турнир жанкүйерсіз өтіп жатыр. Ойын трнасляциясы QAZSPORT арнасы арқылы таратылады.

Astana Open додасының 1/8 финалының басқа қатысушылары анықталды. Олардың арасында Фрэнсис Тьяфу, Миомир Кецманович, Адриан Маннарино бар. Финал 1 қараша күні өтеді.

Қазақстанда алғаш рет өтіп жатқан  ATP 250 турнирінің жалпы жүлде қоры 275 мың доллар.

ATP 250 Astana Open турнирінің бас демеушісі Beeline компаниясы. Демеушілер: Forte Bank пен Mastercard.
Серіктестер: Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы, Terra Motors, Jaguar мен​ Land Rover, Тeсhnodom, Aqua Rossa, Technogym, Нead, ASU.
Ақпараттық серіктестер: Qazaqstan, Qazsport, Setanta, Zakon.kz, Informburo, 31 арна, Forbes.kz, Business FM.

Қазақстан теннис Федерациясы
 
 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.