Максималды қауіпсіздік: Қазақстан теннис Федерациясы ATP Astana Open турниріндегі сақтық шаралары бойынша

20.10.2020    Оқылғаны: 226
Дереккөз:
Автор:
ATP сериясының турнирі Қазақстанда алғаш рет өтеді.

Нұр-Сұлтан қаласында 26 қазан мен 1 қараша аралығында өтетін қазақстандық теннис тарихындағы алғашқы ATP 250 сериялы Халықаралық турнирді өткізуге дайындық жұмыстары жалғасуда. Ұлттық теннис орталығында монтаждау жұмыстары жүріп жатыр, корттарды дайындау аяқталуда.



Теннисшілер мен қатысушыларүшін 1500 ПТР – тест қарастырылған. Қазақстан теннис Федерациясының вице-президенті Юрий Польский турнирге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қолданылатыны туралы айтады.
 
Қазақстанға келетін барлық ойыншылардың ПТР–тесті теріс болуы тиіс. Қонақ үйіне келген соң олар тестті қайта тапсырып, нәтижелерін алғанға дейін өз бөлмелерінде болуы керек. ПТР–тесттің теріс нәтижесін алғаннан кейін ғана спортшылар турнирдің жабық, қауіпсіз кеңістігі форматына жіберіледі.

Юрий Польскийдің айтуынша, теннис орталығында жүргендердің барлығы тұрақты тестілеуден өтіп, оны төрт күн сайын қайталайды. Бұл барлық қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Ойыншылар үшін әлеуметтік қашықтықтың үш шарасы қарастырылған.
 
- Ойыншылардың демалыс бөлмелерінде біз теннисшілерге арналған бөлімдер мен жеке бокстар қоямыз. Мұның бәрі әлеуметтік байланыстардың санын шектеу үшін жасалады.Әр бокс үш адамға арналған. Сондай-ақ, матчқа шығу секторындағы күту бөлмелеріне арнайы бөлімдер орнатылды. Басқаша айтқанда, теннис орталығының барлық логистикасы қауіпсіздік талаптарын ескере отырып құрылған, - турнирдің техникалық директоры Дмитрий Савчук атап өтті.
 
Қатаң ережелерге байланысты теннисшілер экскурсияға бара алмайды, мұражайларды аралап, қала бойынша серуендей алмайды. Теннис орталығының аумағында ойыншыларға арналған "Құланшы" заманауи өнер орталығы "Жусани ісі" экспозициясын ұйымдастырады.


Сүрет: корттарды турнирге дайындау

Дмитрий Савчук алдағы турнир туралы қызықты ақпаратпен бөліседі. Оның айтуынша, Astana Оpen үшін 7000 теннис доптар, 10 000 бөтелке су және 1500-ге жуық сүлгілер дайындалды. Теледидар таратылымын ұйымдастырушылары кемінде 4 000 метр сым төсейді.


Фото: турнирдің техникалық директоры Дмитрий Савчук Astana Оpen ресми доптарын тексеруде

Іс жүзінде турнирдің барлық қатысушылары анықталды – ең көп теннисшілер Франциядан келеді. Олардың ішінде, мысалы, Бенуа Пэр, Ришар Гаске, Адриан Маннарино және басқалар.
 
Сондай-ақ, Astana Оpen корттарына Испания, Сербия, Франция, Австралия, Ұлыбритания, Португалия, АҚШ, Италия, Чехия, Молдова, Аргентина, ресей, Босния және Герцеговина, Беларусь, Германия, ОАР, Финляндия, Жапония, Бельгия, Дания, Нидерланды, Уругвай, Хорватия, Бразилия, Үндістан, Эквадор және Монако теннисшілері шығады.

Турнирдің басты кубоктары өз иелерін күтуде: екі кубок (биіктігі 73 см және 59 см) және төрт табақ. Олар күмістен, алтындатқыштан, лапис лазулиден, долериттен, нанокерамикадан және Болат түйреуішімен жасалған.



Турнирдің жүлде қоры 275 000 АҚШ долларын құрайды. Astana Open матчтарын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.Сонымен қатар, халықаралық трансляцияға әлемнің 28 елі өтінім берген.

Видео: Қазақстан теннис Федерациясының вице-президенті Юрий Польский турнирдің жаңа жағдайдағы ерекшеліктері туралы және турнир күндері спортшыларды алып-жүру қалай ұйымдастырылатыны туралы әңгімелейді:
https://www.instagram.com/p/CGXZGl0puEw/
 

Beeline ATP 250 Astana Open-нің бас демеушісі ретінде қатысады. Демеушілер: Forte Bank және Mastercard.

Серіктестер: Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы, Terra Motors, Jaguar және Land Rover, Teсhnodom, Aqua Rossa, Technogym, Head, ASU.

Ақпараттық серіктестер: Qazaqstan, Qazsport, Setanta, Zakon.kz, Informburo, 31 арна, Forbes.kz, Business FM.


Қазақстан теннис Федерациясы

 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.