Құрметті ата-аналар!

10.09.2020    Оқылғаны: 478
Дереккөз:
Автор:
Кәсіби топтарда тенниспен айналысатын балаларыңыздың тестілеу нәтижелеріне қатысты көптеген сұрақтар түсіп жатыр.

Біз жаттығу процесін мүмкіндігінше тиімді ету үшін және балалар таңдау процесін барлық кезеңдерде ашық өту үшін, барлық күш-жігерімізді саламыз.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық теннис орталығының міндеті - кәсіби спортшыларды халықаралық жарыстарға дайындау. Біз спорттық кадрларды даярлау бойынша кешенді жұмыстар жүргіземіз, оның ішінде: аралық тестілеу, нәтижелер көрсеткіштерін талдау, ойыншылардың болашағын анықтау. Сонымен қатар спортшылардың оқу және даму динамикасындағы нәтижелері де ескеріледі.

Жаттығу жоспарларына сәйкес бойынша, қажетті дайындық деңгей ойыншының жасына сәйкес екеніне бақылау тестілеуін өткізу спорттық топтардың барлық балалары үшін міндетті және жылына 4 рет өткізіледі.

Балалардың дене дайындығының деңгейін бағалау, техникалық және тактикалық шеберліктер, және де әрбір жас санаты ішінде айналмалы жүйе бойынша өткізілетін түйіскен матчтардың қорытындылары тестілеудін ішіне кіреді.

Балаларды дайындық деңгейіне сәйкес бойынша топтарға қайта бөлу үшін, олардың турнирлердің, матчтық кездесулердің және бақылау тестілеуінің нәтижелері ескеріледі.

Егер жарыстың нәтижелері оң динамиканы көрсетпесе, онда жаттықтырушылар кеңесінің шешімі бойынша спорт тобының теннисшісі баламалы (әуесқой топтар, жеке сабақтар, корттарды жалғау) топтарға ауыстырылады немесе спортшыларды даярлау шарттары бұзылады.

Өкінішке орай, биыл турнирлер мен матчтарды өткізуге тыйым салыңған үшін, тестілеудің жоспарланған уақытына (сәуірден тамызға ауыстырылды) және ойыншылардың теннис формасына әсер етті. Сондықтан, спорттық және әуесқой топтарға бөлу, және де жаңа шарттар жасасу, республикалық ашық іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша жүргізілетінін хабарлаймыз.


Турнир өтетін күн:28 қыркүйек - 4 қазан аралығында 2020ж.
Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Ұлттық теннис орталығы.
Анықтама үшін байланыс: info.ns@ktf.kz; тел: +7 (702) 981 7121



 

Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.