Қазақстандық теннисші Андрей Голубев АТР  «Challenger»  жарысының жеңімпазы атанды

25.08.2020    Оқылғаны: 354
Дереккөз:
Автор:
Қазақстандық теннисші Андрей Голубев  халықаралық АТР Challenger  "L'Aquila challenger" жарысының жеңімпазы атанды. Ақтық сында Голубев  уругвайлық Ариэл Бехармен бірлесіп, француз теннисшілері Эллиот Беншетритты және Хьюго Гастонды 6:4,6:2 есебімен қапы қалдырды.

Одан бұрын Голубев/ Бехар жұбы жартылай финалда польшалық Карол Дзевецки/Шимон Валков жұбымен кездесті. Нәтижесінде, 6:3, 6:4 ұпайымен Голубев/Бехар жұбы жеңіске жетті.
      
Аталған жарыс   Италияның Тоди қаласында өткен болатын. Сайыстың жалпы жүлде қоры 88,5 мың еуроны құрады.
 

Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.