Дана Байдәулет халықаралық жарыста жеңіске жетті

20.07.2020    Оқылғаны: 1174
Дереккөз:
Автор:
"Team Kazakhstan" академиясының тәрбиеленушісі Дана Байдәулет  Киев қаласында (Украина) өткен халықаралық жарыста жеңіске жетті.

Қазақстандық теннисші  ақтық сында Олеся Ревваны 7:5,7:5 есебімен жеңді.

Финалға  шыққанға дейін қазақстандық спортшы жартылай финалда Дарья Журидті 0:6,6:0,6:2 есебімен қапы қалдырды. Турнирдің ширек финалында қазақстандық спортшы София Чернаморскаямен кездесті. Қорытынды есеп -6:2,6:0. Екінші айналымда  Дана Валерия Корнееваны 6:1,6:0 есебімен басымдық танытты. Ал алғашқы кездесуде біздің теннисші Мария Попованы 6:0,6:0 есебімен ойсырата жеңді.

Дана Байдәулет Дарья Журидпен бірлесіп, жұптық сында да жеңіске жетті. Турнирдің финалында Байдәулет пен Журид  Олеса Ревва мен Анна Медведеваны 6:3,7:6(2) есебімен жеңді.
     

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.