Александр Липов өмірден озды 

13.07.2020    Оқылғаны: 698
Дереккөз:
Автор:
Қазақстан теннис федерациясының Шығыс Қазақстан филиалының директоры Александр Владимирұлы Липов өмірден озды. Өлімнің себебі Covid-19 кезіндегі асқынудан туындаған жүректің тоқтауы болды. 
Қазақстан теннис федерациясы Александр Липовтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. 
ҚТФ-тың Вице-президенті Юрий Польский: "Александр Владимирұлы көп жылдар бойы ШҚО теннисін басқарды. Оның осы спорт түрінің дамуына қосқан үлесін бағалау қиын. Оның басқару қызметі кезінде өңірде теннисті жетілдіру және нығайту бойынша біраз жұмыстар атқарылды".   
Александр Владимирұлы 1953 жылы 18 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген.  Өзінің еңбек жолын Орта Азия әскери округінде есепші-инвентаризатор болып бастаған. Әр жылдары тексеруші, тауартанушы, жабдықтау және өткізу бөлімінің бастығы, өндірістік бөлімнің бастығы, автоколонна бастығы болып жұмыс істеді. "Семей-Невада"антиядролық қозғалысы төрағасының орынбасары және вице-президенті қызметін атқарды. 23 жыл бойы оның өмірі "Казцинк" ААҚ (ЖШС) тығыз байланысты болды. Әр жылдары ол Басқарма Төрағасының кеңесшісі, компанияның бас ревизоры, ерекше тапсырмалар жөніндегі бас инспектор, Алматы қаласындағы өкілдіктің директоры қызметін атқарды. 2010 жылы "Казцинк" ЖШС-нің демалыс және спорт кешенін басқарды, ал бір жылдан кейін Қазақстан теннис федерациясының Шығыс Қазақстан филиалының басшысы болып тағайындалды.
Жоғары кәсібилігі және тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін 2016 жылы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мемлекеттік наградасына ие болды (Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл).
 

Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.