Дэвис және Федерация кубогі 2021 жылға қалдырылды

27.06.2020    Оқылғаны: 473
Дереккөз:
Автор:
Халықаралық теннис федерациясы (ITF) Дэвис кубогі мен Федерация кубогінің финалдық раунды 2021 жылға ауыстырылғанын мәлімдеді.
 
«Командалық жарыстарды ауыстыру шешімі оңай болған жоқ. Коронавирустан шығатын қауіп әлі де сейілмей отыр. Сондықтан ойлана келе жарыстарды кейінге қалдырдық. Бұл туралы айту өкінішті, бірақ финалдар биылғы жылы болмайды. Келесі жылы оларды асыға күтеміз»,- деп ITF-тың Президенті Дэвид Хаггерти айтып кетті. 
 
  ITF- тың қабылдаған шешімге байланысты Дэвис кубогінің финалдық туры 2021 жылы 22-28 қарашада Мадридте өтеді. Жарысқа 2020 финалында өнер көрсету керек болған 18 команда қатысады.
 Аталған жарысқа ҚР-ның ерлер ұлттық құрама командасы да қатысады. Олардың болашақ қарсыластары Швециямен Канада болмақ.
 
Ал Будапештте өтуі жоспарланған Федерация кубогі турнирінің финалдық раунды 2021 жылдың 13-18 сәуір күндеріне ауыстырылған. Сонымен қатар, 2020 жылда жоспарланған турнирлердің барлығы 2021 жылға қалдырылған.
 
Сондай-ақ, Қазақстан әйелдер ұлттық құрама командасы  плей-офф кездесулерін 2021 жылы 5-6 ақпан күндері Аргентина командасына карсы өткізеді.




 

Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.