Теннис төрешілерін даярлау қарқынды жүріп жатыр

22.05.2020    Оқылғаны: 553
Дереккөз: Tengrinews.kz
Автор:

Қазақстан Теннис федерациясы теннисшілер даярлау ісіне ерекше ден қойғаны жайлы айтылып та, жазылып та жатыр. Әр жастағы балалар мен жеткіншектерге арналған бағдарламалар бар. Алайда теннисші даярлау мәселесінен бөлек те сан түрлі бағыттар бар екенін ұмытпауымыз қажет. Соның бірі теннис төрешілерінің деңгейін арттыру болып отыр.

Теннис әлемдік спорт болғандықтан да мұнда түрлі дау-дамайлар болады. Осындай тұста қара қылды қақ жарған әділ-қазылар бірінші рөлге шығады. Теннистен сәл хабары бар адам Паскаль Мария, Джеймс Кеотовонг, Ева Аздеракисекілді атақты төрешілердің қандай тұлғалар екенін жақсы біледі. Қазақстанда әзірге мұндай танымал төрешілер жоқ, алайда жақын арада пайда болып қалуы ғажап емес. Оған алғышарттар жеткілікті.     Халықаралық деңгейдегі төрешілер елімізде көптеп шығу үшін Қазақстан теннис федерациясы көптеген қауымдастықтармен ынтымақтастық орнатты. Яғни еліміздегі Президент Кубогі секілді ірі жарыстарға келген төрешілер семинар өткізіп, жергілікті жастарға дәріс береді. Олар тәжірибиелерін арттырып, деңгейлерін көтеру арқылы Халықаралық төрешілер алқасынан күміс және алтын белгілерді алады. Деңгейлеріне сәйкес жаһандық жарыстарға бара алады. Қазақстан атынан "үлкен дулыға" санатындағы жарыстарда төрешілік етіп жүрген қазының бірі - Меруерт Кәукеева.

"Төреші болғаннан соң өзіңіз жарыс ұйымдастырушыларына өтініш жібересіз. Сосын олар қарастырып Сізді қызмет етуге шақырады. Мен сол арқылы Уимблдон жарысында жұмыс істедім. Қазақстан төрешілер абыройын арттыруға бар күш-жігерімді салып жүрмін. Бұл әлбетте мен үшін үлкен мақтаныш",- дейді Меруерт. 



Қазақстанда осы қазір Меруерт секілді халықаралық жарыстарда төрелік ететін 6 маман бар. Оның  төртеуі “White badge” санатындағы судья болса, қалған екеуі “Bronze badge” санатындағы төрешілер. Олар жыл он екі ай тоқтаусыз өтіп жататын жарыстарда еңбек етіп жүр. Ендігі мақсат еліміздегі осындай санаулы адамның санын арттыру болып отыр. Ол үшін Қазақстан теннис федерациясы қажырлы еңбек етіп жатыр. Төрешілер көрпусында білім алып жатқан жастарды тәжірибие алмасуға шет елдерге жібереді. Олардың білімдерін жоғарылатып, халықаралық жарыстардың қалай болатынын көрсетеді. Мысалы соңғы 5 жыл ішінде қазақстандық төрешілер Аустралия, Қытай, Жапония, Корея, Вьетнам, Малайзия, Индия, Қатар, БАӘ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Беларус, Англия, АҚШ, Мексика, Канада, Бразилия, Әзербайжан, Грузия, Грекия, Болгария елдерінде болды. 

Біздің елге де Әлемнің түкпір түкпірінен халықаларалық дәрежедегі төрешілер үнемі келіп тұрады. Олардың айтуынша біздің төрешілерден құралған командамыз жас әрі болашағынан зор үміт күттіреді. Сонымен қатар төрешілеріміз Дэвис Кубогінің матчтарында және басқа да ірі жарыстарда әділ төрешілік еткендері үшін көп ұпай жинаған. Теннис федерациясы біліктілікті арттыру үшін үнемі төрешілермен семинар өткізіп тұрады және халықаралық семинарларға да қатысады. Соңғы екі жылда біздің халықаралық дәрежедегі судьялар құрамы White badge (ақ төсбелгі) санатындағылар тағы екі Bronze badge” (қола төсбелгі) санатына қосылды. Олар Юлия Игнатченко мен Меруерт Каукеева. Естеріңізге сала кетсек, «Ақ төсбелгі" - сертификаттаудың екінші дәрежесі. White badge өз елінде кәсіби турнирлерде (ITF Pro Circuit, Дэвис Кубогі, Федерация Кубогі және WTA мен ATP турнирі) төрешілік ете алады.

Сертификаттаудың үшінші дәрежесі – қола төсбелгі. Оның игері өз елінен басқа да мемлектеттерде және жоғарғы дәрежелі жарыстарда жұмыс істей алады. “Bronze badge” алу үшін арнайы білімі мен қажетті мөлшерде тәжірибесі болу керек. Мұндай төсбелгісі бар төрешілер Challengers, WTA турнирлерінде, АТР турнирларының алғашқы кезеңдерінде, «Үлкен Дулығаның» іріктеу турнирлерінде сондай-ақ жұптық және аралас ойындарда жұмыс атқара алады.

Қазақстан теннис федерациясының қолдауымен төрешілердің тәжірибе алмасуы және даярлау бағдарламасы сәтті өтуде.Біздің төрешілердің Олимпиада ойындары, Үлкен Дулыға турнирлері, Dubai Open, St.Petersburg WTA, Istanbul Open, Qatar WTA және тағы да басқа ірі жарыстарда төрешілік етуде.

Жасап жатқан жұмыстарының жемісін төрешілерміз көрсетіп жүр. Мысалыға,  2020 жылы Меруерт Каукеева мен Юлия Игнатченко әйелдер арасында WTA-ның дарынды төрешілер құрамына енді. Ал атап айтқанда, дарынды командаға әлемнің 8 төрешісі кіреді екен.


Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.