Халықаралық теннис федерациясы коронавирус пандемиясына байланысты жарыстарды тоқтатуды жалғастыруда

19.05.2020    Оқылғаны: 497
Дереккөз:
Автор:

Халықаралық теннис федерациясы (International Tennis Federation, ITF) COVID-19 пандемиясы салдарынан 2020 жылдың 31 шілдесіне дейін барлық турнирлердің тоқтатылуын ұзартты.

Осы кезеңге жоспарланған ITF-ның барлық турлары мен турнирлері, ITF жасөспірімдер туры, ITF ардагерлер туры, UNIQLO айналмалы теннис туры, жағажай теннисі турын, сондай-ақ ITF ерлер мен әйелдер әлемдік турын тоқтатты.

ITF президенті Дэвид Хаггерти былай деп мәлімдеді: «Әлемде вирустың өршуіне байланысты жағдай әлі күнге дейін қалыпты жағдайға келмеді. Біз жауапты басшылықты және негізделген шешімдерді қабылдауды талап ететін жағдайға тап боламыз. Жарыстарға дайындалған және жаттыққан барлық адамдар үшін бұл қиын жағдай болса да, адамның өмірін, денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау бірінші кезекте тұрғанын түсінеміз. Біз әлемдегі жағдайды талдап, талқылап, мүмкін болған жағдайда халықаралық жарыстарды жалғастырудың мүмкіндіктерін қарастырамыз».

Сондай-ақ, Халықаралық теннис федерациясы спорттық этика мен адалдықты, денсаулық пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды сақтай отырып, жарыстарды өткізудің басшылық қағидаттары ұсынылған теннис қызметіне қайта оралу бойынша өз басшылығын шығарды.

«Тенниске оралу» басшылығының мақсаты коронавирус пандемиясы жағдайында үкіметтік шектеулерді әлсіреткеннен кейін ұлттық қауымдастықтарға жарыстарды қайта бастауға көмектесу болып табылады. 


Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.