
ITF Федерация Кубогінің финалы мен плей-офф кезеңін белгісіз мерзімге шегерді
12.03.2020 Оқылғаны: 1588
Дереккөз:
Автор:
Дереккөз:
Автор:
Халықаралық теннис федерациясының хабарлауы бойынша: коронавирус (COVID-19) инфекциясының таралуына байланысты Федерация кубогінің финалы мен плей-офф кезеңдері белгісіз мерзімге шегерілді. Халықаралық теннис федерациясының күнтізбесіне сәйкес аталған жарыс 17-18 сәуірге жоспарланған болатын. Ал кейінге қалдырылған ойындар кестесі ITF ресми сайтында жақын арада жарияланады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.