Қазақстан Нидерланд құрамасы арасындағы кездесудің бірінші күні аяқталды

06.03.2020    Оқылғаны: 455
Дереккөз:
Автор:
Нұр-Сұлтан қаласында Дэвис кубогінің іріктеу кезеңінің бірінші күні аяқталды. Аталған ойын Қазақстанмен Нидерланд құрамасы арасында өтті.

Бірінші ойында қазақстандық Михаил Кукушкин үш сетте (4:6, 7:6, 3:6) Робин Хаасеге есе жіберді.
 
Нидерланд құрамасының ойыншысы Робин Хаасенің айтуы бойынша:

«Мен үшін бұл өте маңызды жеңіс болды. Михаил тамаша ойыншы, сондықтан оны Дэвис кубогінің ойындарында жеңу – керемет нәтиже».
Екінші кездесуде Қазақстанның бірінші ракеткасы, Александр Бублик Таллон Гриспурды 1 сағат 56 минутта 7:6, 7:6 есебімен жеңді.

«Ойын негізі тең жағдайда өтті. Барлық кездесу тайбрейк ойынында шешілді. Бублик ең шешуші жағдайларда өзін тамаша көрсетті», - деп Таллон Грикспур баспасөз маслихатында айтып кетті. 

«Әрине, Кукушкиннен кейін ойынды бастау қиын болды. Мен өз матчымда жеңіске жеттім. Біздің командамыз үшін бұл өте маңызды кездесу», - деп жеңістен кейін Александр Бублик айтып кетті.

Сонымен, бірінші күннен кейін есеп - 1:1. 

Ертең, 7 наурыз күні, алаңға  Александр Недовесов пен Андрей Голубев шығады. Олардың қарсыластары Уэсли Колхоф пен Жан –Жюльен Ройер.


АНЫҚТАМА ҮШІН:
Қазақстан Дэвис Кубогінің рейтингінде 13-ші орында
Турнирдің бес дүркін ширек финалға шығушы командасы (2011, 2013, 2014, 2015, 2018)
  • Александр Бублик, 22 жаста: жекелей санатта әлемнің 51-ші ракеткасы.
  • Михаил Кукушкин: 32 жаста: жекелей санатта әлемнің 91-шы ракеткасы.
  • Андрей Голубев, 32 жаста: жұптық санатта әлемнің 131-ші ракеткасы.
  • Александр Недовесов, 33 жаста: жұптық санатта әлемнің 142-шы ракеткасы.
  • Капитан – Юрий Щукин, 40 жаста.
Нидерланды Дэвич Кубогы рейтингінде 20-шы орында
Турнирдің жартылай финалына шыққан командасы (2001)
  • Робин Хасе, 32 жаста: жекелей санатта әлемнің 169-шы ракеткасы.
  • ТаллонГрикспур, 23 жаста: жекелей санатта әлемнің 196-шы ракеткасы.
  • Уэсли Колхоф, 30 жаста: жұптық санатта әлемнің 17-ші ракеткасы.
  • Жан-Жюльен Ройер, 38 жаста: жұптық санатта әлемнің 21-ші ракеткасы.
  • Капитан – ПаулХархёйс, 54 жаста.

Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.