Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогі-2020 финалдық кезеңіне шықты

07.03.2020    Оқылғаны: 731
Дереккөз:
Автор:
Нұр-Сұлтанда Дэвис Кубогіның финалдық кезеңіне (23-29 қараша, Мадрид, La Caja Magica) шығу мүмкіндігі бойынша қазақстандық және нидерландтық теннисшілердің арасындағы төрт матчтан тұратын тартыс аяқталды. Қазақстан құрамасы Нидерланд командасын 3:1 есебімен тізе бүктіріп, Мадридке жолдаманы ұтып алды.

Екінші күннің бірінші матчында Андрей Голубев  пен Александр Недовесов жетістікке жетті. Жұптық кездесуде олар Робин Хаасе мен Жан-Жюльен Ройерді – 6:3, 6:3 есебімен жеңді. «Хардтағы» кездесу 1 сағат 10 минутқа созылды.

«Командаға ұпай әкелгенімізге қуаныштымыз. Нәтижеге көңіліміз толып отыр. 6:3 6:3 есебін көріп, тартысты айқас болмады деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда бұл – жұптық санатты қалпына келтіргеннен кейінгі алғашқы матчымыз болып отыр. Қатты қобалжыдық. Ақыры ойынымызды түзеп, жақсара түскен секілдіміз. Ары қарай да өркендей бермекпіз», - деді Александр Недовесов матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Екінші матчта Александр Бублик Робин Хааседен 7:6 (7:4), 6:1 (1 сағат 18 минут) есебімен басым түсті. Әлемнің 51-шы ракеткасының табысы нидерландықтар мен бәсекеде жеңістуын желбіретуге жолашты.

«Бұл – ортақ жеңіс, сол себепті Мадридке жолдаманы мен алып бердім деп айтудың реті жоқ. Біздің жұптық санатта шыққан спортшыларымыз ұпай әкелді. Миша Хаасені бірінші күні-ақ шаршатып тастаған секілді. Алғашқы күні тіркелген 1:1 есебі бүгін 3:1 есебімен жеңіске ұласты. Бұл – жақсы нәтиже», - деді Александр Бублик матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Құрама капитаны Юрий Щукин өз сөзінде командаға алғысын білдіріп, жаңа рөлдегі дебюті сәтті болғанын айтып жатыр.

«Өз мінберімізде жеңісті жұлып алып, әлемнің басты теннис турниріне жолдама алу, осыдан барып үздік дебют пен шығу – арманымыз еді. Өз үйімізде ешкімге есе бермейтінімізді тағы бір мәрте дәлелдей түстік. Өз еліміздің аренасында жетінші матчты жеңіспен аяқтап отырмыз», - деді Юрий Щукин.

Еске сала кетсек, Қазақстанмен Нидерланд құрамалары арасындағы алғашқы ойын күні 1:1 есебімен аяқталған еді. Алғашқы ойын күні, яғни 6 наурызда Дэвис Кубогінің іріктеу раундының алғашқы матчында Михаил Кукушкин үш сетте Нидерландының бірінші ракеткасы Робин Хаасеге (4:6, 7:6, 3:6) есе жіберді.

Алғашқыкүннің екінші матчындаТаллон Грикспурмен кездесуде екі сетте де Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жеңіске жетті. «Хардтағы» текетірес 1 сағат 56 минутқа созылып, 7:6, 7:6 есебімен аяқталды. 12 наурызда Мадридте Әлемдік лиганың жеребесі өтеді.

Ол жеребеде Қазақстан құрамасы топ бойынша өз қарсыласын білетін болады.

АНЫҚТАМА ҮШІН:
Қазақстан Дэвис Кубогіның рейтингінде 13-шіорында
Турнирдің бес дүркін ширек финалға шығушы командасы (2011, 2013, 2014, 2015, 2018)
  • Александр Бублик, 22 жаста: жекелей санатта әлемнің 51-ші ракеткасы.
  • Михаил Кукушкин: 32 жаста: жекелей санатта әлемнің 91-шы ракеткасы.
  • Андрей Голубев, 32 жаста: жұптық санатта әлемнің 131-ші ракеткасы.
  • Александр Недовесов, 33 жаста: жұптық санатта әлемнің 142-шы ракеткасы.
  • Капитан – Юрий Щукин, 40 жаста.
Нидерланды Дэвич Кубогы рейтингінде 20-шы орында
Турнирдіңжартылайфиналынашыққанкомандасы (2001)
  • Робин Хасе, 32 жаста: жекелей санатта әлемнің 169-шы ракеткасы.
  • ТаллонГрикспур, 23 жаста: жекелей санатта әлемнің 196-шы ракеткасы.
  • Уэсли Колхоф, 30 жаста: жұптық санатта әлемнің 17-ші ракеткасы.
  • Жан-Жюльен Ройер, 38 жаста: жұптық санатта әлемнің 21-ші ракеткасы.
  • Капитан – Паул Хархёйс, 54 жаста.

Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.