Елена Рыбакина «Ай жаңалығы» номинациясында ұсынылды

05.03.2020    Оқылғаны: 495
Дереккөз:
Автор:
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) өзінің ресми сайтында 2020 жылдың үздік теннисшісі атағына дауыс беруді бастады. Үздік теннисші үшін дауыс беруден басқа, WTA жанкүйерлерге «Ай жаңалығы» санатындағы теннисші үшін де дауыс беруді ұсынды.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина «Ай жаңалығы» номинациясында ұсынылды. Ақпан айында қазақстандық спортшы Санкт-Петербургте және Дубайда өтетін беделді турнирлердің финалына шықты, сондай-ақ Дохада өтетін турнирдің екі айналымын өтті. Өкінішке орай, жарақат алуына байланысты Рыбакина жарыстан шығуға мәжбүр болды.

Маусымдытамаша бастауының арқасында Рыбакина WTA рейтингінде 17-ші сатыға көтерілді, бұл Қазақстан үшін рекорд.

Рыбакинадан басқа «Ай жаңалығы» санатында Леони Кунг (Швейцария), Лейла Анни Фернандес (Канада) және Рената Заразуа (Мексика) бақтарын сынауда. Қазақстандық спортшы үшін мына жерден дауыс бере аласыз.

Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.