Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық теннис күнін атап өтті

01.03.2020    Оқылғаны: 894
Дереккөз:
Автор:
Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық теннис орталығында Халықаралық теннис күнін атап өтті.  Осы мереке аясында, Ұлтық құрама спортшылары жас теннисшілерге шеберлік сабағын өткізді. Аталған шеберлік сабағы, халықаралық теннис күніне арналған болатын.
  
Бүгін Ұлттық құраманың мүшелері:
Михаил Кукушкин, Александр Бублик, Андрей Голубев, Александр Недовесов, Дмитрий Попко, Денис Евсеев және Григорий Ломакин балалармен қызықты ойын ойнап, теннистің негізгі техникасын арнайы көрсетті.

«Бұл жыл сайынға өтетін мерекелік шара. Іс-шараның мақсаты- балаларды Ұлттық құраманың мүшелерімен таныстырып, тенниске деген сүйіспеншілігін арттыру» -  деп Қазақстан теннис Федерациясының Вице-президенті  Юрий Польский атап өтті.

Шараға 5 пен 7 жас аралығындағы 200-ге жуық бүлдіршін қатысты. Олар арнайы бағдарлама бойынша ойындар ойнап, теннис спортының қыр-сырын түсінді. Сонымен қатар балалар теннистен жеке және жұптық бәсекелерде бақтарын сынап көрді.      

Халықаралық теннис күні теннис федерациясымен осы спорт түрін бұқаралық деңгейде дамыту мақсатында белгіленген болатын. 2013-жылдан бері осы дата спорт саласында кеңінен аталып келеді.

Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.