Елордада «Nur-Sultan Challenger» атты турнир басталды

09.03.2020    Оқылғаны: 931
Дереккөз:
Автор:
Қазақстанның теннис федерациясы 2020 жылдың 9-15 наурыз аралығында елордада ATP Challaenger - «Nur-Sultan Challenger»сериясындағы теннистен халықаралық турнир өткізеді.Бұл іс-шара Халықаралық теннис федерациясының қолдауымен өтіп жатыр және біздің елде өткізілетін турнирлердің арасында Президент кубогынан кейінгі екінші маңызды оқиға болып табылады.

«Nur-Sultan Challenger»жүлде қоры 54 160 АҚШ долларын құрайды, жарысқа қатысушылар: әлемнің 20-дан астам елінен 70-ке жуық кәсіби теннисшілер.Қазақстандық спортшылардан турнирде Дмитрий Попко, Александр Недовесов, Денис Евсеев, Сағадат Аяп, Григорий Ломакин, Андрей Голубев, Денис Евсеев өнер көрсетеді.

Тимур Хабибулин, Достанбек Ташбулатов, Бекзат Усипбеков, Тимур Мауленов және Данил Озерной «Nur-Sultan Challenger»турнирінде ұйымдастырушылардан WC алды.

Wild Cart (WC) - рейтингі турнирге қатысу үшін жеткіліксіз ойыншыға ұйымдастырушылардың тарапынан берілетін арнайы шақырту.

Ростислав Гальфингер сондай-ақ жарыстың негізгі кестесіне қатысады, өйткені оның біліктілік раунды бойынша қарсыласы халықаралық әуе желілерінде жүріп-тұрудың шектеулеріне байланысты турнирге келмеді.

Бұл турнирдің ерекшелігі, оған «Team Kazakhstan» академиясының жас студенттері - Б.Усипбеков, Р.Галфингер, Д.Озерной қатысады, бұл ATP Challaenger турнирлеріндегі алғашқы тәжірибе.

Турнир посевінАТР әлемдік рейтингінде 131-орынды иеленген Египеттің өкілі Мохамед Сафват бастайды. Сонымен қатар, негізгі үміткерлердің қатарында: Янник Маден (149), Киммер Коппейян (154) және Юрий Родионов (168). Дмитрий Попко осы турнирдің 7-ші нөміріне ие болды.

Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.