Қазақстанда теннис корттарының саны 62-ден 297-ге жетті

20.04.2020    Оқылғаны: 210
Дереккөз:
Автор:
Соңғы жылдары ел спорты қарыштап дамып келеді. Бұрындары Қазақстанды боксшылар мен балуандар елі деп санаса, осы күндері өзге де спорт түрлерінен ұпайымыз түгел. Әсіресе теннисшілердің жеткен жетістіктерін ауыз толтырып айтуға болады. Олар әлемдік спорт сахынасына шығып, еліміздің абыройын асқақтатып жүр.

Теннис бұл бай-манаптар мен ауқатты адамдардың айналысатын спорты деген темір қағида бар. Бұл нағыз қатып қалған қазақи ұғым еді. Алайда, соңғы жылдардың бедерінде сеңдей қатқан сенімнің көбесі сөгілді. Тенниспен кез-келген адам айналыса алады. Елімізде ол үшін барлық жағдай жасалған. Соңғы кездері қазақ балалары теннистен үлкен жетістіктерімен көрініп жүр. Теннис федерациясы басшылығының басты мақсаты –  қазақтың атын шығаратын спортшы тәрбиелеу. Қойылған мақсат біртіндеп орындалып келе жатқанын көрудеміз.

Иә, 2019 жыл Қазақстан теннисі үшін айтулы оқиғаларға көп болды. Ең алдымен ұлттық құрамамыздың Дэвис кубогі жарысының финалына шығуын айта аламыз. Алғаш рет ерлер құрама командасы 18 елмен қатар Дэвис кубогін сарапқа салды. Сол жарыста өз группасында тек Ұлыбританияға жеңілген. Ал қыздар теннисінен де ұлттық құрамамыз Азия құрлығы мен Мұхит жағалауы деген аймақтың финалында өнер көрсетті. Қазақстан теннис федерациясының алға тартып мақтанары бұл да емес. Ол бір сәтке де тоқтамас спорт деген сиқырдың ағыны ғана. Оның бір жылы төмен, бір жылы жоғары болатыны жанкүйер қауымға жете таныс. Ендеше, біз айтпақ басты мәселе не?

Тағы 65 адам коронавирус жұқтырған
Тағы 10 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2070-ке жетті
2007–2019 жылдар аралығында Федерация атқарған жоспарлы жұмыс арқасында еліміздегі корттар саны 62-ден 297-ге дейін өсті. Биыл Қарағанды, Алматы қалаларында теннис орталықтары ашылады. Неге дәл осы қалаларда ғана? Өзге қалалардағы жас өрендерді қайтеміз?. Алдын-ала жасалған сараптамалық, әрі сауалнамалық жұмыстардың нәтижесінде белгілі болғандай дәл осы шаһарларда тенниске қатысамын деген жастардың саны көп. Сұранысты қанағаттандыру мақсатында бастама көтеріліп, аймақтағы теннис спортының тұралап қалмауы үшін алғышарттар жасалды. Ал Нұр-Сұлтанда қазір екінші теннис орталығы ашылды. «Жерұйық» саябағының ішінен жақын арада теннис корттары іске қосылды. Елордамызда тенниске барамын деп өтініш білдірген 7 мыңдай жасөспірім бар екен. Жастар жұлқынып тұрса, жаттығамын дегендерге жағдай жасалғаны жақсы. Ал 2020 жылы Ақтау мен Қарағандыда жаңа кешен тұрғызылмақ. Демек, Қазақстанның барлық аймағында теннис орталығы бар деп сөйлеуімізге толық қақымыз болады. Әрине, Қазақстан теннис федерациясы тегіс елді тенниспен қамтып отыр десек, артық айтқанымыз. Орнынан қозғалмай, сіресіп тұрған салалар да жоқ емес. Ол елдегі бапкерлердің деңгейі. «Аюға намаз үйреткен таяқ» демекші теннис таяқшасын қалай ұстауды үйрететін жібі-түзу жаттықтырушылар кемде-кем. Сол себептен «Теннис бапкерлерін мамандандыру және оқыту» арнайы бағдарламасы туындады. Осы бағдарлама шеңберінде жыл сайынғы ITF Level 1 және Level 2 семинарлары өткізіледі. Бұл мәселені шешу үшін қауымдастық тарапы Михаил Южныйдың (кезінде АТР үздік 10 теннисшілер қатарына кірген) бапкері, ресейлік білікті маман Борис Собкин шақыртылды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда сертификациядан өткен 200 бапкер бар, олардың 44-і ITF Level 1 дәрежесіне, ал 14-і ITF Level 2 дәрежесіне ие.

Әрине, барлығы да бірден бола қалмасы анық. Десе де, адымдай басып теннисіміз дамып келе жатқаны көзге ұрынып тұр. Индонезияның Полембанг қаласында өткен Азия ойындарында ерлеріміз күміс, қыздарымыз қола еншілеп, ел абыройын асқақтатып жіберді. Ал Достанбек Ташболатов Аргентинада өткен жасөспірімдер Олимпиадасына қатысқан тұңғыш қазақ теннисшісі болып тіркелді. Еліміздің аумағында өткен қырыққа жуық жарыста өсіп келе жатқан таланттарымыздың бар екенін байқадық. Олардың қатарына Достанбек Ташбулатов, Ростислав Гальфингер, Сандуғаш Кенжебаева, Жанел Оспанова, Елизавета Карлова, Дмитрий Безбородов, Ерасыл Ерділда, Татьяна Николенко, Ерасыл Мұрат, Екатерина Дмитриченко, Анастасия Астахова, Ильяс Маратұлы, Максим Батютенко, Данир Қалдыбеков, Айя Нұпбай, Карина Джумаджановаларды жатқыза аламыз. Ал Астанада өткен 12 жасқа дейінгі балалар арасындағы Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте қола жүлдегер атанды.

Жақында Қазақстан теннис федерациясы қазақ тілінде арнайы әдістеме шығарды. Соның арқасында еліміздің 5 аймағында балаларға теннис сабақтары қазақ тілінде жүргізілуде. Көпшіліктің алғысын алған бұл бастама, жерде қалмасы анық. Демек, Қазақстан теннисінде қазақ балаларының көптеп шығуына мүмкіндік туды. Енді халықаралық сайыстарда, әсіресе «Үлкен дулыға» жарыстарында ел абыройын қорғайтын жерлестеріміздің көп болатынына сенімдіміз.

Ермұхамед Мәулен

Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.