Галина Воскобоева жұптық сайыста екінші айналымға шықты

30.05.2012    Оқылғаны: 6890
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

   Қазақстандық Галина Воскобоева  белоруссиялық Ольга Говорцовамен бірге  Францияның ашық біріншілігінің екінші айналымына  шықты.   

   Сайыстың алғашқы матчында  Воскобоева  Говорцовамен бірге жұп құрап,  отандасы Ксения Первакқа қарсы кортқа шықты.  Ал  Ксения Первак украиналық Ксения Цуренкамен жұп құраған болатын.  Бірінші кезеңді Воскобоева және Говорцова жұбы  Первак /Цуренко жұбына қарсы ширақ бастады. Ақыры бірінші айналымда  Воскобоева/Говорцова  одағы екі брейк жасап, партияны 6:2 есебімен өз пайдасына шешті. Екінші партияда  Первакпен Цуренко қанша қарсыласқанымен,  Воскобоева /Говорцова жұбы  барлық мүмкіндіктерін  пайдаланып, алға түсті. Кейіннен  сетті 6:3 есебімен жеңіп,  екінші айналымға шыққан болатын. Қорытынды есеп-6:2,6:3.

   Олардың келесі айналымдағы  қарсыластары К. Барроис/Д. Юрак - К. Пешке/К. Среботник (2 ) жұптарының арасында анықталады.

   Айта кетейік, жұптық сайыста  тағы бір қазақстандық  Ярослава Шведова американдық Вания Кингпен бірге  өнер көрсетеді.


Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.