Шымкент қаласында 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы ұлттық бірінішілік аяқталды

07.05.2012    Оқылғаны: 7470
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

   Қыздар арасынан  Арина Талуенко бірінішіліктің жеңімпазы атанды. Ол бір сағата жиырма минутқа созылған ойында Милана Имамниязованы 6:0,6:1 ұпайымен сан соқтырды.

   Жүлделі үшінші орынды Аделаида Аллахвердиева иеленді. Шешуші кездесуде Аделаида  Карина Калкенованы үш сетте 6:2, 2:6, 6:3 есебімен жеңді.

 Ұлдар арасынан бәсекеде  Дастанбек Ташбулатов топ жарды. Ақтық сындашымкенттік  Дастанбек  Хайрулла Нұртазиннан айласын асырды. Есеп-6:3,6:3
Жылдың басынан бастап, Дастан жетпіс  ойын өткізіп,  барлық кездесулерінде  жеңіске жеткен.

  Үшінші орынды жасөспірімдер арасынан ақтөбелік Константин Баранов иеленді. Ол үшінші орынға болған таласта Сұлтан  Нарбековты ұтты. Қорытынды есеп -6:1, 6:1.

ҚТТ барлық жасөспірімдерді жарыстың аяқталуымен құттықтайды!


Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.