Қазақстандық Зарина Дияс Жапонияда финалда сүрінді

12.10.2014    Оқылғаны: 8191
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Бүгін қазақстандық Зарина Дияс Жапонияда өтіп жатқан халықаралық «Japan Women’s Open Tennis» жарысының ақтық сынында  ұтылды.  Ол финалда әлемнің 18- ракеткасы австралиялық Саманта Стосурға екі сетте 7:6 және 6:3 есебімен жеңілді.  Жалпы ойын 1 сағат 40 минутқа созылды.   Осы аралықта біздің спортшы  үш  рет қарсыласының добын еншілеген болатын.
 
Атап өтсек, қазақстандық спортшы жартылай финалда Таиланд елінің теннисшісі Луксика Кумхумды  6:2, 7:5 есебімен қапы қалдырды. Ал ширекфиналда хорватиялық Анна Конжухты еліне қайтарса, екінші айналымда испаниялық Лара Аррубарренаға тек бір ғана гейм сыйлаған болатын. Есеп- 6:0,6:1.  Жарыстың алғашқы айналымында Зарина Қытайлық Тайпей елінен табан тіреген Янг Жанг Чанды 7:6(3). 6:1 есебімен жеңген болатын.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.