Юлия Путинцева финалда сүрінді

14.04.2014    Оқылғаны: 7668
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

  Қазақстандық спортшы Юлия Путинцева американдық қала Пелхамда өтіп жатқан сыйлық қоры 25 мың долларды құрайтын ITF турнирінің финалына дейін жетті.

  Өкінішке орай, шешуші кездесуде қазақстандық ару Лауре Сигемундқа екі сетте жол берді. Қорытынды есеп- 3;6,2:6.

  Сондай-ақ, ол жартылай финалда америкалық Ирина Фальконимен ракетка түйістірді. Осы кездесуде қазақстандық спортшы 6:3, 6:2 есебімен айқын басымдықпен ұтты. Ал ширекфиналда ол португалиялық Мишель Ларчер Де Бритоны ұтса, екінші айналымда тағы бір американдық Чиара Шолмен кездесіп, оны 6:0 және 6:2 есебімен жеңді.Алғашқы айналымда Юлия кореялық Жеонг Жангты үш сетте жеңген болатын.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер