Андрей Голубев Астанада халықаралық «Челленджер» сериясындағы бәсекеде жеңіске жетті

24.02.2014    Оқылғаны: 8013
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

  Ол ақтық сында Люксембург елінен келген Джилес Мюллерді 6:4 және 6:4 есебімен қапы қалдырды.

  Бұған дейін біздің спортшы жартылай финал кездесуінде грузиялық Николоз Басиашвилины еліне қайтарды. Қорытынды есеп- 3:6, 6:2, 6:1. Сондай-ақ, қазақстандық теннисші ширекфиналда ресейлік Александр Кудрявцевпен ракетка айқастырып, одан 6:1 және 6:2 есебімен айласын асырған болатын. Ал доданың екінші айналымында Андрей өзінің отандасы Евгений Королевпен күш сынасып, оны 6:1,6:1 есебімен ұтты.

- Аталған жарыста жоғары деңгейлі ойын көрсете алдым. Әрине,ақтық сында қобалжыдым. Финалда менің қарсыласым жақсы ойын өрнегін көрсетті. Әр геймді ұқыпты ойнауға тырыстым. Соның арқасында екі брейк жасап, жарыстың жеңімпазы атандым,- деп ойыннан кейін Голубев атап өтті.

  Атап кеткен жарыстың жұптық разрядында қазақстандық Андрей Голубевпен Евгений Королев финалға дейін сүрінбей жетті. Шешуші кездесуде қазақстандық одақ белорустық жұп Сергей Бетовпен Александр Бурыймен ракетка түйістірді. Ойын 6:1,6:4 есебімен белорус жұбының пайдасына шешілді.


Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.