Бейбіт Жукаев елордадағы турнирдің жеңімпазы атанды

24.10.2021    Оқылғаны: 187
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Бейбіт Жукаев жұптық сында елордада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour M25 сериясы бойынша халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Ақтау теннис мектебінің түлегі Бейбіт Жукаев ресейлік Андрей Кузнецовпен бірге үздік шықты. Б.Жукаев пен А.Кузнецов финалда Беларусь өкілі Иван Лютаревич – ресейлік Констан Кравчукты 7:6 (7:5), 6:4 есебімен тізе бүктірді. Бұл – Б.Жукаевтың ересектер арасында ITF деңгейіндегі алғашқы табысы. Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев жекелей сында финалға шыға алмады. Ол жартылай финалдық тартысты бәсекеде канадалық Филип Пеливоға жол берді – 6:7 (8.10), 7:5, 3:6.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер