Тимофей Скатов: «Бірінші ойын қашан да күтпеген жайттарға толы болады»

19.09.2021    Оқылғаны: 130
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Тимофей Скатов жалпы турнир мен алғашқы матчтан не күтетінін айтты
 
«Мен ATP 250 деңгейіндегі турнирдің қатарынан екінші жыл өтіп жатқанына және бір аптадан кейін әйелдер арасындағы WTA 250 турнирінің өтетініне өте қуаныштымын. Бұл қазақстандық теннистің дамуы үшін аса қажет. Сонымен қатар, мен өз жерімде ойнайтыныма да разымын. Қазақстан теннис федерациясына Қазақстан чемпионатын өткізгені үшін рахмет айтамын, ол турнирде жеңімпаз атанып, осынау беделді бәсекенің негізгі кезеңінде ойнауға мүмкіндік алдым. Бірінші айналымда тәжірибелі Андреас Сеппимен ойнауға тура келеді. Матч туралы не айтуға болады? Ойын ауыр және тартысқа толы болады деп ойлаймын. Италиялық теннисші - турда ұзақ уақыт бойы ойнап келе жатқан, тәжірибесі мол ойыншы және рейтингте жоғары тұрған теннисшілерді жеңіп жүрген қарымды қарсылас, алайда мен де қаражаяу емеспін. Барымды саламын және матчты асыға күтемін», дейді Скатов.
 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер