Дэвис Кубогы: Қазақстан құрамасы 2:1 есебімен алға шықты

16.09.2017    Оқылғаны: 2606
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Бүгін Астана қаласының Ұлттық теннис орталығында Қазақстан мен Аргентина командалары арасында Дэвис Кубогының жұптық сындағы матчы өтті. Александр Недовесов пен Тимур Хабибуллин Массимо Гонсалес пен Андрес Молтени аргентиналық жұбын  5:7, 6:4, 7:5 есебімен жеңді. Айта кетейік, Хабибуллин Қазақстан командасының атынан Дэвис Кубогына алғаш рет қатысқан.
 
Тимур Хабибуллин, Қазақстан құрамасының теннисшісі:
 
- Команданың маған сенгеніне қуаныштымын. Жанкүйерлер бізді өте қатты қолдады. Эмоцияға бой алдырмай, әрбір ойынға көңіл бөлуге тырыстық. Осылай жеңіске жетіп, құрамаға тағы бір ұпай әкелдік.
 
Диас Досқараев, Қазақстан командасының капитаны:
 
- Тимурды бұл матчқа біз алдын ала дайындадық. Бүгін ол өз жеңісімен Team Kazakhstan академиясының түлектері Дэвис Кубогында Қазақстанның атынан ойнауға дайын екендігін дәлелдеді.
 
Ертең жекелей сындағы екі матч өтеді. Кортқа бірінші Михаил Кукушкин мен Диего Шварцман шығады. Келесі матчта Дмитрий Попко мен Гвидо Пелья кездеседі. 

 

 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер