Дэвис Кубогы: Аргентина командасы таразы басын теңестірді

15.09.2017    Оқылғаны: 2039
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Бүгін екінші матчта қазақстандық теннисші Дмитрий Попко аргентиналық Диего Шварцманға 4:6, 2:6, 2:6 есебімен есе жіберіп алды. Есеп - 1:1.
 
Диего Шварцман, Аргентина құрамасының теннисшісі:
 

 
-Өз командама ұпай әкелгеніме қуаныштымын. Попкомен алғаш рет кортта кездестім, матч басында қарсыласымды зерттегендіктен болар, бірінші сет маған оңай берілмеді. Попконың командасы өте жақсы, және оған жаттығу үшін барлық жағдай жасалған. Ол өзін әлі көрсетеді деген ойдамын.
 
16 қыркүйек Қазақстан мен Аргентина командаларының жұптық сындағы матчы өтеді. Қазақстан құрамасының атынан Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко ойнайды. Аргентина командасының атынан Андрес Молтени мен Массимо Гонсалес шығады.
 
Даниель Орсанич, Аргентина командасының капитаны:
 
- Бүгін ауыр күн болды. Бірінші матчта біз жеңіліске ұшырадық, себебі Кукушкин жақсы ойын көрсетті. Ертеңгі матчқа біз команда құрамын өзгертпейміз. Кортқа жарияланған теннисшілер шығатын болады.
 
Диас Досқараев, Қазақстан командасының капитаны:
 
- Бүгін Михаил өткізген матч оңай болмады. Ертең ол жұптық ойынға шығуы тиіс, алайда біз бұл шешімді әлі де қарастырамыз.
 
Айта кетейік, Дэвис Кубогының ережесі бойынша команда капитандары бірінші күннен кейін жарияланған теннисшілерді алмастыра алады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер