Дэвис Кубогы Әлемдік тобының плей-офф кезеңінде Қазақстан командасы Аргентинамен кездеседі

11.04.2017    Оқылғаны: 1746
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Бүгін Лондонда Дэвис Кубогы-2017 Әлемдік тобы плей-офф кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті. Жеребенің қорытындысы бойынша, Қазақстан командасы Аргентинамен кездеседі. Плей-офф кезеңінің матчы 15-17 қыркүйекте Қазақстанда өтеді.
 

 
Аргентина командасы 2016  жылғы Дэвис Кубогының чемпионы болып табылады, 1/8 финалда Италия құрамасынан жеңілген.
 
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Азия және Мұхит аралық аймағының финалдық кезеңінде Қытайды  4:1 есебімен ұтып, Дэвис Кубогы Әлемдік тобының плей-офф кезеңіне өткен болатын. 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер