Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогы Әлемдік тобының плей-офф кезеңіне өтті

08.04.2017    Оқылғаны: 1963
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстан құрамасы Азия және Мұхит аралық аймағында Қытайды3:0  есебімен жеңіп,  Дэвис Кубогы Әлемдік тобының плей-офф кезеңіне өтті.
 
Бүгін Астана қаласының Ұлттық теннис орталығында өткен жұптық матчта қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Александр Недовесов қытайлық жұп Янь Бай мен Мао-Ксин Гонгқа қарсы шығып, 3:6, 6:1, 5:7, 6:1, 6:3 есебімен ұтты.
 
- Біз оңай ойын болады деп күткен жоқпыз. Қытайлықтар күшті қарсылас бола алды. Мүмкін басында қатты қобалжығандықтан, дұрыс ойын көрсете алмаған шығармын. Бірақ, Андрей екеуіміз жеңіске жететінімізге сендім, - деді Александр Недовесов.  
 
Қытай мен Қазақстан арасында өткен жұптық кездесу шешуші болғандықтан, Қазақстан командасын қолдауға келген жанкүйерлер саны көп болды.
 
- Бүгінгі матчты триллер жанырындағы фильммен салыстыруға болады. Ойын өте қиын болды. Андрей мен Саша мачты нашар көрсеткішпен бастағанмен, өз қайсарлықтарының арқасында жеңіске жетіп, Қазақстан командасының Дэвис Кубогы Әлемдік тобының плей-офф кезеңіне өтуіне септігін тигізді. Сонымен қатар, ертеңгі матчтар кесте бойынша өтеді, - деп қорытындылады Диас Досқараев.
 
Айта кетейік, ертең Қытай мен Қазақстан арасында 2 жеке матч өтеді. Михаил Кукушкин бірінші матча Цэ Чжангпен кездессе, Дмитрий Попко Ди Уға қарсы шығады.




Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер