Нью-Делиде Junior Davis Cup жарысы өтуде

17.03.2017    Оқылғаны: 1531
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Нью-Дели қаласында Азия/Океания  аймағы арасындағы Junior Davis Cup жарасының іріктеу ойындары өтуде. Үш күннің қорытындысы бойынша, Қазақстан командасы «А» тобында 3- ші орынды иеленді. Бірінші ойында қазақстандық спортшылар Сирия құрамасын 2:1 есебімен ұтса, келесі ойындарда Өзбекстан мен Қытайлық Тайпей құрамаларына 3:0 есебімен ұтылды. Бүгін біздің спортшылар 8-16 орындар үшін таласады.
 
Junior Davis Cup турниріндегі 16 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының құрамы:
 
Капитан - Иштуганов Д.
Гайратов Шохрух (Шымкент)
Гальфингер Ростислав (Павлодар)
Усіпбеков Бекзат (Шымкент)

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер