Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

24.10.2021    Оқылғаны: 172
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық, әлемнің 104-ракеткасы Зарина Дияс АҚШ-тағы Джорджия ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Осы жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген З.Дияс жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 94-орында тұрған бразилиялық Майя Хаддад Беатриспен шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші 1 сағат 43 минутқа созылған матчта 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті. З.Дияс финалда әлемнің 78-інші, осы доданың 1-ракеткасы, америкалық Мэдисон Бренглмен бас жүлдені сарапқа салады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер