Дейв Майли

Дейв Майли Атқарушы директор Тел.: +7 (7172) 390385 E-mail: d.miley@ktf.kz

Өмірбаян

Дэйв Майли 25 жылдан астам Халықаралық теннис Федерациясының (ITF) басқарушы лауазымдарында жұмыс істеді. Ол 10 жасқа дейінгі ойыншыларды дамыту бойынша ITF бағдарламасының бастамашысы және бас авторы болды.

Бұл бағытта әлемдегі ең білікті мамандардың бірі болып саналады. Сонымен қатар, Жасөспірімдер мен мүгедектер арбасы теннисін дамыту саласында үлкен тәжірибесі бар. Майли әртүрлі жасөспірімдер турнирлерінде аралас рейтингтің енгізілуіне және жаттықтырушыларға арналған әлемдік дайындық стандарттарының енгізілуіне жауап берді.

Ол шамамен 15 жыл бойы ITF медициналық комиссиясының мүшесі болды, оның құрамында допингке қарсы бағдарламалар желісі бойынша теннис федерацияларының жұмысын ұйымдастыруға қатысты.

Ол ITF-тің аймақтық қауымдастықтармен, Олимпиада комитетімен жұмысын бақылап, Олимпиада, Паралимпиада және Азия ойындарын ұйымдастыруға қатысты. Сонымен қатар, Дэйв

Майли жаттықтырушыларға арналған бірнеше арнайы басылымдардың және көпшілікке арналған теннис тарихы туралы кітаптардың авторы.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер